Исагулов А.З., Квон Св.С., Куликов В.Ю., Аринова С.К., Абильдина А.Р
Бүгінгі таңда жоғарыэнтропиялы қорытпалар (ЖЭҚ немесе НЕА ағылшын тіліндегі әдебиеттерде) деп кемінде 5 компоненттен туратын, олардың құрамдық мөлшері эквиатомдық концентрацияда немесе әр компоненттің мөлшері 5% кем емес және 35% аспайтын корытпаларды атайды. ЖЭҚ жасау қағидасы дәстүрлі жаңа корытпалар алу тәсілдерінен ерекшеленеді. Дәстүрлі түрде жаңа Материалдарды жасау - негізді матрица құрайтын бір негізгі элементті артурлі легирлеуші элементтермен қосу арқылы жүзеге асады. Мұндай корытпалардағы беріктендіру тетіктері негізінен матрица базасында жана фазалар түзілуіне негізделген. Ал ЖЭҚ құрамында нақты бір негізгі матрица болмайды, оның орнына қорытпаға кіретін әр компонент құрылым мен қасиеттердің қалыптасуына тең үлес қосады.
Толық мақала: FeCrNiCoMn ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕГІ КВАЗИЖОҒАРЫЭНТРОПИЯЛЫҚ ҚОРЫТПА ҚҰРАМЫН ФЕРРОҚОРЫТПАЛАРДЫ ІШІНАРА ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ӘЗІРЛЕУ