*A. P. Абильдина1
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазақстан Республикасы, Қарағанды
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.
07.08.25 ж. баспаға түсті.
07.08.25 ж. түзетулерімен түсті.
13.08.25 ж. басып шығаруға қабылданды.
Бұл жұмыста Co-Cr-Fe-Ni-Mn-b жүйесіндегі квазижогарыэнтропиялы қорытпаларға (ҚЖЭҚ) молибденнің (5 %, 10% және 15 %) мөлшерінің микроқұрылымға, қаттылыққа және ағындылыққа әсері зерттелді. Зерттеу мақсаты таза металдарды ферроқорытпалармен ішінара алмастыру арқылы жоғары тиімді қорытпаларды арзандату. Эксперименттік үлгілер индукциялық балқыту әдісімен алынған, олардың құрылымы сканерлеуші электронды микроскопия, қаттылықты өлшеу және спиральды арнада ағындылыққа сынау арқылы зерттелді. Нәтижелерге сәйкес, молибден қоспасы қорытпаның қаттылығын айтарлықтай арттырады 15% Mo кезінде қаттылық шамамен үш есеге өсті, бұл қатты ерітіндінің беріктігінің артуымен және, мумкін, интерметаллдық фазалардың түзілуімен түсіндіріледі. Алайда, молибденнің артық мөлшері қорытпаның ағындылығын төмендетеді: 10% дейін ағындылық өзгерісі аз (4%), ал 15% Мо кезінде ағындылық 12% төмендеп, құймада ақаулар байқалды. Сондықтан күрделі пішінді құймаларды жасау үшін Мо мөлшерін 10% асырмаған жөн. Бұл жұмыс Қазақстандық шикізатты пайдалана отырып дәлме-дәл құюға арналган тиімді ҚЖЭҚ жасауда маңызды үлес қосады.
Толық мақала: CO-CR-FE-NI-MN-NB ЖҮЙЕСІНІҢ КЖЭҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ МОЛИБДЕННІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ