2024 жылдың 5 қаңтарында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» Ке АҚ «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының және Халықаралық материалтану орталығының базасында Индукциялық балқыту пешінде қосымша құрамында ниобий мен көміртегі бар Кантора қорытпасы негізінде тәжірибелік зертханалық үлгілер балқытылды. Мұндай композиция пайдалану қасиеттерін (тозуға төзімділік, қаттылық, беріктік) 30-50%- ға арттыруға ықпал етеді. Алынған қорытпа жоғары тығыздыққа және біртекті құрылымға ие.